ЕМБІ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢӨМІРІН ҰЗАРТА

2020жылдық
есеп
Әрі қарай оқу
ЕМГ өз стратегиялық мақсаттарына жету үшін технологиялық инновациялардың ауқымды тізбесін енгізуде. Бұл – Компанияның ұзақ мерзімді перспективадағы тұрақты дамуының басым бағыты. Қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттырудың және шығындарды азайтудың арқасында жоғары тиімділікті және бизнестің ашықтығын қамтамасыз ететін озық шешімдерді әзірлеу және қолдау жүргізілуде.

Негізгі және қосалқы бизнес-үдерістерді жүзеге асырылып жатқан автоматтандыру, сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізу еңбек өнімділігін және өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы саладағы негізгі бастамалардың бірі «Ембімұнайгаз» АҚ басқа кен орындарына тарата отырып, «Зияткерлік кен орны» жобасын іске асыру болып табылады.

«Интеллектуалды кен алаңы» сынамалы жобасын «Ембімұнайгаз» АҚ кен орнында іске асырған және оң нәтижеге жеткен соң жүйені Компанияның басқа кен орындарына кеңейту туралы шешім қабылданды. «Интеллектуалды кен алаңы» жобасын кеңейтуге кейіннен келіп жатқан ақпаратты нақты уақыт режимінде Компанияның Өндірістік үдерістерді визуалдау орталығына шығара отырып, шашыраңқы жүйелерді мұнай өндіруді оңтайландыру бойынша жедел шешімдерді мониторингтеу, талдау және қабылдау үшін біріктіру жатады.

2020 жылы келесі модульдерді: мұнай жинауды және дайындауды, ұңғыма жөндеуді, өндіруді мониторингтеуді, мұнай тасымалдауды және тапсыруды, өндіруді әзірлей отырып, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Шығыс Молдабек кен орнында «Интеллектуалды кен алаңы» жүйесін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілді.

  • Өндіру

    ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БАСҚАРУ СТАНЦИЯСЫ

    Орнатылған VLT SALT Danfoss интеллектуалды басқару станциялары ұңғыманы қашықтан басқару мүмкіндігін береді.
  • Бейне

    НЫСАНДАРДЫ БАҚЫЛАУ

    Бейнебақылау жүйесі өндірістік нысандардың периметрін бақылау үшін қолданылады, сондай-ақ, нысанға кірген автокөлікті тіркейді (таниды)
  • Мұнайды жинау және дайындау

    МҰНАЙДЫ ДАЙЫНДАУ ПРОЦЕСІН МОНИТОРИНГТЕУ

    Мұнайды жинау және дайындау мониторингісі бойынша модуль мұнайды дайындауға байланысты өндірістік процестерге ағымды уақыт режимінде бақылау жүргізуге және мониторингтеуге мүмкіндік береді.
  • Ұңғымаларды жөндеу

    ҰЖЖ БРИГАДАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫН МОНИТОРИНГТЕУ

    «Интеллектуалды кен алаңы» жүйесінде ҰЖЖ мониторингтеу бойынша модуль бригадалармен орындалатын жөндеу жұмыстарының барысын ағымды уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.
  • GPS

    КӨЛІКТІ МОНИТОРИНГТЕУ

    Wialon жерсеріктік мониторингтеу жүйесі ағымды уақыт режимінде кешенді талдаманы және соңғы пайдаланушыларға арналған есептілікті қоса алғанда, көлікті мониторингтеуге мүмкіндік береді.
  • GIS

    ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ

    Корпоративті Геоақпараттық Жүйе (КГАЖ) барлық нысандар бойынша деректерді сақтауға мүмкіндік береді, яғни, тұрақты негізде жолдарды, тау-кен, жер телімдерін және т.б. қоса алғанда, барлық өндірістік нысандар, ғимараттар және құрылыстар бойынша ақпаратты көкейкесті ету жүзеге асырылады.
  • Өндіруді мониторингтеу

    ҰҢҒЫМА ДЕБИТІН МОНИТОРИНГТЕУ

    Өндіруді мониторингтеу бойынша модуль ағымды уақыт режимінде бақылау жүргізуге, мониторингтеуге және қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді
  • Мұнайды тасымалдау және өткізу

    МҰНАЙДЫ АЙДАУДЫ МОНИТОРИНГТЕУ

    Ұңғыма өнімін айдауды мониторингтеу бойынша блок онлайн режимінде есептеу тораптарынан шикі мұнайды өткізуге мүмкіндік береді.

№ 78 ұңғыма ГРАН КЕН ОРНЫ

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша ең ұзын ұңғыма.

Судың конус түзуін болдырмау және арттыру мақсатында салынған.

33,9
Мұнай бойынша айырмашылық
*ТІК ҰҢҒЫМАЛАРДЫҢ
ДЕБИТІ:
27
5
72%
30(Т/ТӘУЛ)
Жоспарлы мұнай дебиті
12.11.2020 жылғы
НАҚТЫ ДЕБИТ
45
38,9
0,6%

Соңғы жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ өз кен орындарында көлденең бұрғылауды белсенді енгізді. Бұл технология игеру шегі көп жылдар бұрын өтіп кеткен Ембі кен орындарының қиын қазылатын мұнай қорларын шығаруға мүмкіндік береді.

Технологиялық ұңғымаларды бұрғылаудың артықшылықтары көп және ол көптеген тік ұңғымаларды бір оқпанға ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл технологияда қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттар көлемі едәуір азаяды. Сондай-ақ кен орындарының «өмір сүру» мерзімі игеруге қиындықпен шығарылатын қорларды игеруге тарту арқылы ұзартылады.

Соңғы жылдардың өзінде мұнайлы Ембі кен орындарында 14 көлденең ұңғыма бұрғыланды. Олардың ішінде соңғы бұрғыланған Гран кен орнындағы («Жайықмұнайгаз» МГӨБ) ұңғыманың көлденең учаскесінің ұзындығы 1 км құрайды. Бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша ең ұзақ ұңғыма болып табылады.

Ембі кен орындарындағы көлденең ұңғымаларды бұрғылаудың тиімділігі дәлелденген. Олардың өнімділігі тік ұңғымалардан 8-10 есе жоғары. Сондықтан, 2021 жылы тек қана көлденең тәсілмен бұрғылау жоспарланып отыр.

вертикалды ұңғымаларға қарағанда
8-10раз
ЕСЕ ӨНІМДІ
2020 ЖЫЛЫ
9 көлденең тәсілмен
ҰҢҒЫМА БҰРҒЫЛАНҒАН

Жөндеуаралық кезең (ЖАК) мерзімдерін көбейту мақсатында Компания жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін іске асырады (құрал-жабдықтарды, құрал-саймандарды жалдау қызметтерін иелену, жөндеу жүргізу және т. б.). Одан басқа, ЕМГ мұнай-кәсіпшілік жабдықтарды жаңарту және мұнай дайындау сапасын арттыру бағдарламаларын іске асырады.

Атап айтқанда, сорғы-компрессорлық құбырларды (СКҚ) уақытша пайдалануға беру және СКҚ жөндеу бойынша қызметтерді сатып алу АЕК көбейтуге, айналымдағы СКҚ сапалы қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз етуге, шығындарды оңтайландыруға және қоймадағы қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді.

Құбыршекті сорғылармен (ҚШС) жабдықталған ұңғымалар қоры бойынша жөндеуаралық кезең көрсеткіштері 2019 жылғы 333 тәуліктен 2020 жылғы 394 тәулікке дейін жоғарылады. Бұл өсімге «ПКНМ Казахстан» ЖШС-мен ҚШС тереңдік сорғыларына қызмет көрсету және оларды уақытша пайдалануға беру туралы ұзақ мерзімді шарт өз елеулі ықпалын тигізді. Осы Шарттың аясында әрбір нақты ұңғыма және өндіру кезіндегі проблемалар (құмның шығуы, газ факторының жоғары болуы, АШПТ және т. б.) үшін сорғы таңдаудың жеке тәсілі жүргізіледі. Бұл ұңғымалардың жұмысына, сондай-ақ жөндеуаралық кезеңді көбейтуге оң әсерін тигізеді.

Компания мұнайсервистік қызметтерді көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізуде. Бұл ресурстарды босатуға және негізгі қызмет бағыттарын дамытуға фокусты сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Осы стратегиялық бағыт бойынша маңыздысы арнайы техника паркін жаңарту және автокөлік құралдарын аутсорсингке ауыстыру бағдарламасын іске асыру болып табылады. Бағдарлама тозған және моральдық ескірген арнайы техника бірліктерін жаңартуға, технологиялық жабдықтарды жақсартуға және көлік қызметтерін көрсету деңгейін арттыруға бағытталған.

2017 жылы арнайы техниканы жаңарту жоспары бекітілді. МГӨБ үшін жаңа арнайы техника сатып алынды, арнайы техниканың тұрып қалуы және жөнделуі азайды. Соңғы 3 жылдың ішінде 131 бірлік жаңа арнайы техника, соның ішінде 2020 жылы 21 бірлік, оған қоса КАМАЗ негізіндегі 7 АЦН бірлігі, ТЕRЕХ негізіндегі 2 АКН агрегаты, ТЕRЕХ негізіндегі ЛС-6 2 бірлігі, АСЦ-320 3 бірлігі және КАМАЗ негізіндегі ППУА – 1600/100 1 бірлігі әкелінді.

Одан басқа, көліктік қамтамасыз ету бойынша операциялық шығындарды оңтайландыруға бағытталған көліктік қамтамасыз етуді автоматтандыру жобасын іске асыру жүргізілуде.

2020 жылдың қыркүйегінде Компанияның кен орнында еңбекті қорғау және автокөлікті қауіпсіз жүргізу ережелерін сақтау саласындағы барлық параметрлерге сай келген автокөлікті жаңа GPS-мониторингтеу жүйесін әзірлеуден құралатын «Сапарларды басқару» жобасы басталды.

«CITYPOINT» бағдарламалық қамсыздандырудың негізіндегі жобаның аясында ЕМГ-да қолданылатын автокөліктерді бақылау жүйесінің цифрлық функционалы кеңейтілуде. Жылдамдық режиміне, жорыққа, қауіпсіздік белдігіне, белгіленген маршрутқа бақылау, қозғалтқыш жұмысын (жүргізушілердің жұмыс істеу және демалу режимін) бақылау қамтамасыз етіледі. Негізгі күтілетін тиімділіктері – ЖКО санының азаюы, көліктердің жұмыс ресурсының артуы және автокөлік құралдарының тоқтап қалуы мен техникалық қызмет көрсетуіне шығындардың азаюы.