«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания немесе Қоғам) Қазақстан Республикасында 2012 жылдың 27 ақпанында, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚМГ БӨ) Директорлар кеңесінің ҚМГ БӨ өндірістік филиалдарының негізінде жаңа еншілес ұйымдарды құру туралы шешімінің нәтижесінде құрылды. Компания өзінің өндірістік қызметін 2012 жылдың 1 қазанынан бастап, ҚМГ БӨ көмірсутекті шикізатты өндіру және барлау жөніндегі шарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқықтарын және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының активтері мен міндеттемелерін алғаннан кейін жүзеге асыра бастады.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ (ҚМГ ҰК) «Ембімұнайгаз» АҚ «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ акциялар пакетінің 100 % сенімді басқарушысы болып табылады. ҚМГ ҰК Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекет мүдделерін танытады және толықтай өз кезегінде толықтай Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Үкімет) жекеменшігі болып табылатын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (Самұрық-Қазына ҰӘҚ) толық жекеменшігі болып табылады.

«Ембімұнайгаз» АҚ көмірсутек шикізатын сатып алумен, барлаумен, өндірумен, әзірлеумен, экспорттаумен айналысады. Компанияның негізгі операциялық мұнай-газ қызметі Қазақстан Республикасының Атырау облысында орналасқан мұнай-газ активтерінде жүзеге асырылады.

Компанияның құрамына кірген мұнай кен орындарын игеру тарихы 100 жылдан асады. Компания ресми тарихы 1922 жылдан – Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» трестін құру мезетінен бастап есептеледі.

Компания өндірген мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа жеткізеді. Ішкі нарықта мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттарына жеткізіледі. Экспортқа мұнай екі негізгі бағыттар бойынша жеткізіледі: Каспий құбыр консорциумы (КҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС). Тауарлық газды сату ҚР газ және газбен қамту саласындағы Ұлттық операторы – «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

«Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласында және Атырау облысының төрт ауданында орналасқан алты өндірістік құрылымдық бөлімше кіреді: «Жайықмұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Ембімұнайэнерго» басқармасы және «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау басқармасы» (ӨТҚжЖК).

01.01.2021 ж. жағдай бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ балансында А+В+С1 (геол/шығ) санаттары бойынша мұнайдың қалдық қорлары 481,1/87,7 млн тоннаны құрайтын 46 кен орны есептелген. Кен орындарының қорларын шығарып алудың орташа көрсеткіші 70 % құрайды.

Компанияның артықшылықтары

Пайдаланудың соңғы кезеңінде кен орындарындағы жұмыс тәжірибесі.

Ұзақ уақыт бойы Компания, кен орындарының сарқылғандығына қарамастан, жете барлау есебінен ресурстық базаны қолдап отыр.

Ынтымақты ұжым.

Компания басшылығы мен жұмыскерлерінің арасындағы сенім және өзара түсіністік.

Тұрақты қаржылық жағдай.
Тиімді географиялық орналасуы.

Компания өз қызметін жаңа мұнай және газ кен орындарын ашу әлеуеті жоғары (ҚР бойынша КСШ ресурстарының шамамен 65 %) және мұнай тасымалдау инфрақұрылымы дамыған Каспий маңы ойпатында жүргізеді.

Біз әлеуметтік және бизнес мүдделердің тепе-теңдігін сақтау арқылы компания жұмысшыларына тұрақтылықты, акционерлерге тиімділікті қамтамасыз ету үшін мұнай мен газды өндіреміз.

БІЗДІҢ КАПИТАЛДАРЫМЫЗ

ҚАРЖЫЛЫҚ КАПИТАЛ

АКТИВТЕР
354.6
МЛРД ТЕҢГЕ
КАПИТАЛ
278.7
МЛРД ТЕҢГЕ
ТҮСІМ
244.7
МЛРД ТЕҢГЕ

ТӘЖІРИБЕЛІ ПЕРСОНАЛ

4 764
ҚЫЗМЕТКЕР
20– дан астам отбасылық
ӘУЛЕТ

ӨНДІРІСТІК КАПИТАЛ

46
кен орны
Жер қойнауын пайдалану туралы
8
келісімшарт
2,6
МЛН ТОННА мұнай
Орташа жылдық өндірім
Қорлардың жалпы көлемі
87,7
МЛН ТОННА
мұнай (ABC1)
НЕМЕСЕ35
МЛН ТОННА
мұнай (2P)

ТИІМДІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУЫ

Мұнай және газ кен орындарын ашу әлеуеті жоғары (ҚР бойынша КСШ ресурстарының шамамен 65%) және мұнай тасымалдау инфрақұрылымы дамыған Каспий маңы ойпатында жүргізіледі.

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР

41,85
(35% төмендеген)
Brent орташа бағасы (DTD)
7,5%
(2.25 п.т. өскен)
Инфляция деңгейі –
Қазақстан (%)
412,95
(8% көбейген)
Орташа айырбастау бағамы
(теңге 1 АҚШ доллары үшін)

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ

  • Миссиясы
  • Пайымы
  • Құндылықтары

СТЕЙКХОЛДЕРЛЕР ҮШІН ҚҰНДЫЛЫҚ ҚҰРУ

АКЦИОНЕР

МҰНАЙ ӨНДІРУ
2 601
МЫҢ ТОННА
CAPEX
34
МЛРД ТЕҢГЕ

МЕМЛЕКЕТ

НБІР ЖЫЛ ІШІНДЕГІ КТС БАСҚА САЛЫҚТАР
58,8
МЛРД ТЕҢГЕ
БІР ЖЫЛ ІШІНДЕГІ ТАБЫС САЛЫҒЫ
3
МЛРД ТЕҢГЕ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

БІР ЖЫЛ ІШІНДЕГІ ЖҰМЫСКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕНГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР
1,25
МЛРД ТЕҢГЕ
ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫ
43,3
МЛРД ТЕҢГЕ
ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШЫҒЫСТАРЫ
1,3
МЛРД ТЕҢГЕ
БІР ҚЫЗМЕТКЕРГЕ ШАҚҚАНДА ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ОРТАША САНЫ
11,9
САҒАТ

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТАР

ПАНДЕМИЯ КЕЗЕҢІНДЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚОЛДАУ
551МЛН ТЕҢГЕ
ISO 50001
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТ
ЛАСТАҒЫШ ЗАТТАРДЫҢ ҮЛЕСТІК ЖАЛПЫ ШЫҒАРЫНДЫСЫ
ӨНДІРІЛГЕН КСШ БІР ТОННАСЫНА ШАҚҚАНДА
1,26 ТОННА ЗВ ҚҰРАЙДЫ
ІЛЕСПЕ ГАЗДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУДЫҢ
90%-ДЫҚ ДЕҢГЕЙІ
САТЫП АЛУЛАРДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ ҮЛЕСІ
90%
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШІ
0,043 Т.Ш.О/ТН.

БИЗНЕС-ҮДЕРІСТЕР КАРТАСЫ

ҚЫЗМЕТ ГЕОГРАФИЯСЫ