Түсім(млн теңге)
Капиталды салымдар(млн теңге)
Мұнай өндіру(мың тонна)
Ілеспе мұнай газды өндіру(мың м3)
Лифтинг(мұнай+газ)
Экспортқа шикі мұнайды өткізу көлемі(мың тонна)
Ішкі нарыққа шикі мұнайды өткізу көлемі(мың тонна)
Газды өткізу көлемі (мың м3)
2 601
МҰНАЙ ӨНДІРІЛДІ
мың тонна
244 707
ТҮСІМ
млн теңге
34 008
КАПИТАЛДЫ САЛЫМДАР
млн теңге
1 663
ЭКСПОРТҚА
мың тонна
927
ІШКІ НАРЫҚҚА
мың тонна
29 011
ЛИФТИНГ
теңге/тонна

«Ембімұнайгаз» АҚ-да жұмыс беруші мен жұмысшылар тарапынан кәсіподақ комитетінің өзара келісімімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылды. Кеңестің алғашқы отырысында құрамы бекітіліп, техникалық инспекторлардың кандидатуралары бойынша одақтың ұсыныстары қаралды.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай компанияның зейнеткерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламасы шеңберінде кәсіпорын зейнеткерлері - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін, тыл еңбеккерлеріне - 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін, интернационалист-жауынгерлерге – 50 АЕК дейін төлемдерді ұлғайту туралы шешім қабылдады.

С.Нұржанов кен орнының бұрғыланбаған бөлігіндегі триас шөгінділерінде 3252-3265 м тереңдікте жаңа өнімді горизонт анықталды. НСВ-11 бағалау ұңғымасын бұрғылау қорытындысы бойынша 9 мм штуцерде тәулігіне 165 м3 дебитпен сусыз мұнай бұрқағы алынды (мұнайдың үлес салмағы – 0,836 г/см3 ; газ факторы – 105 м3 /м3 ).

«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегацияның қатысуымен өткен Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдай жөніндегі жиынға қатысты. Жиын барысында ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары Е.Тоғжанов ЕМГ-нің төтенше жағдай мен карантин режим кезінде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жұмысына оң баға берді.

Ембіліктер өз қаражаттары есебінен су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтарал ауданы тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін 4 миллионға жуық қаражат жинады.

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нің Гран кен орнында ұзындығы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ компаниялар тобы бойынша ең ұзын ұңғыма саналатын (1 км-ге жуық) горизонталды ұңғыма бұрғыланды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ Covid-19 пандемиясымен күреске қосқан үлесі үшін «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен Қайыржанға «Халық алғысы» медалін табыс етті.

ЕМГ-нің «Мұнайшы қыз» клубының бастамасымен ембіліктер карантиндік оқшаулауға алынған медицина мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қолдау үшін 1 миллионнан астам теңге қаражат жинады.