ҚұрметпенЖақып МАРАБАЕВ
«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары
«Ембімұнайгаз» республикалық және жергілікті бюджеттерге 98,2 млрд теңге салық төлеп, еліміздің ең ірі салық төлеушілері рейтингісіндегі көшбасшылық позицияларын сақтап қалды.
Құрметті серіктестер және әріптестер!
Сіздерге «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының 2020 жыл ішіндегі қызметінің нәтижесімен танысуды ұсынамыз. Ол COVID-19 пандемиясының әсерінен және жыл ортасында мұнай бағасының арзандауынан екі есе қысымды бастан кешірген дүниежүзілік мұнай-газ саласы үшін екі есе күрделі болды.
Осы біз келеңсіз факторларға қарамастан, мұнайлы Ембі Компания миссиясы мен құндылықтарының шегінде алға қойылған міндеттерге жету міндетін сәтті атқарды. ОПЕК+ келісімінің шегінде және кейбір кен орындарында газ факторының өсу жағдайларында мұнай өндіру бойынша шектеулерді ескере отырып, өндірістік көрсеткіштер ойдағыдай орындалды.
Жыл қорытындылары бойынша Компания 18,4 млрд теңге мөлшерінде ақша ағынын тудырып, оң қаржы теңгерімін қамтамасыз етті. Ембімұнайгаз республикалық және жергілікті бюджеттерге 98,2 млрд теңге салық төлеп, еліміздің ең ірі салық төлеушілері рейтингісіндегі көшбасшылық позицияларын сақтап қалды.
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында қол жеткізілген нәтижелер ерекше мақтануға тұрарлық. Даму стратегиясында ең басты құндылық ретінде өз жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығы деп жария еткен Компания соңғы жылдардың ішінде өндірісте қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша тұрақты оң динамиканы көрсетіп келеді. Қатарынан үш жыл бойы жұмыскерлердің өлім-жітімі бойынша нөлдік көрсеткіштер сақталып тұр. Өндірістік жарақаттанушылық жағдайлары және жол-көлік оқиғаларының саны еселеп алғанда бестен бірге дейін азайды.
Отандық табиғатты пайдаланушы болып табылатын Компания бірқатар кен орындарында газды кәдеге жарату бойынша техникалық шешімдерді енгізгенге дейін мұнай мен газ өндіруді шектеп қойды. 2020 жылы Компания екінші жыл қатарынан ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен және Орталық Азиядағы БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Ресей Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) мен «КРЕОН» тобы ұйымдастырған экологиялық жауапкершілік саласындағы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ компаниялар тобы бойынша Қазақстанның мұнай-газ компанияларының ашықтық рейтингісінде екінші орынға ие болды.
Әрине, COVID-19 пандемиясы жұмыс орындарында және вахталық ауылдарда жұмыскерлердің қауіпсіздігін ұйымдастыруға елеулі өзгерістерді енгізді. Пандемия басталғалы бері Компанияда коронавирустық инфекцияға қарсы күрес жөніндегі орталық штаб және Компанияның барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерінде соған ұқсас штабтар құрылды, және олар енгізілген төтенше жағдай режимі және одан кейінгі карантиндік шектеулер жағдайларында басқару жөніндегі жедел жұмыс органдарына айналды.
Компанияда мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер ұйғарған эпидемияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды – вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ПТР-тестілеуден және 7-күндік карантиннен құралатын жұмыс орындарына бару алгоритмдерін бұлжытпай сақтау, барлық өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық объектілер мен автокөліктерді залалсыздандыру бойынша барлық санитарлық талаптарды орындау, инфекция жұқтырған вахтаны алмастыратын резервтік бригадаларды құру, вахта ұзақтығын 14 күннен 28 күнге дейін созу және тағы басқалар. Қабылданған кешенді шаралардың арқасында пандемия Компанияның өндірістік қызметіне әсер тигізген жоқ. 2020 жылы инфекция жұқтырған 480 қызметкердің барлығы жазылып шықты. Компанияда COVID-19 ауруынан қайтыс болу жағдайлары тіркелген жоқ.
Былтыр Компания стратегиялық бағыттағы жұмысын ойдағыдай жалғастырды, яғни тұрақты және ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ету үшін ресурстық базаны арттырды. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша 9 мм штуцерде дебиті 165 м3 /тәул сусыз мұнайдың бұрқақты ағыны шығарып алынған С. Нұржанов кен орнындағы (солтүстік-батыс қанаты) триас түзілімдерінде жаңа өнімді көкжиек анықталды.
«Жайықмұнайгаз» МГӨБ Гран кен орнында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ компаниялар тобы бойынша оқпанының көлденең бөлігі 941 метрлік ең ұзақ көлденең ұңғыма бұрғыланды.
Келеңсіз экономикалық жағдайға қарамастан Компания аса қажетті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді сатып алуға 500 млн теңгеден астам қаржы аудару арқылы Атырау облысының халқына қолдау көрсетті. Оған қоса, 130 млн теңге медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетуге және Жаңа жыл қарсаңында мүмкіндіктері шектеулі балаларға сыйлық алуға жұмсалды.
Ағымдағы жылы Компания бірінші кезекте тұрған – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ң 2020–2021 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы шаралар мен алдағы 5 жылға бекітілген бизнес-жоспардың аясында белгіленген операциялық тиімділікті арттыру міндетін іске асыруды жалғастырады.
Ағымдағы жылға арналған басқа басым міндеттердің арасында – қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау бойынша жұмыстарды жалғастыру және кейбір кен орындары топтарында газ факторының өсуімен байланысты мәселелерді шешу де бар.
Қиындықтарға қарамастан мұнайлы Ембінің 2022 жылғы жүзжылдық мерейтойына өзінің ерекше де табысты жолын жалғастыратынына сенімдімін!
ҚұрметпенЕсен ҚАЙРЖАН
«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы
Пандемиямен байланысты ұйымдастырудағы қиындықтарға қарамастан,
қосымша мұнай өндірілген жаңа ұңғымалар сәтті енгізілді.
Құрметті әріптестер!
2020 жыл біздің Компаниямыз және дүниежүзілік мұнайгаз саласы үшін оңай болған жоқ. Пандемия және мұнай бағасының арзандауы өндірістік жоспарларға, операциялық нәтижелерге, бизнес-үдерістерге, Компания қызметкерлерінің жұмыс кестесі мен режиміне елеулі әсер тигізді.
Штаттан тыс жағдайларда жұмыс істеу қажеттігіне қарамастан, «Ембімұнайгаз» АҚ келген жылдан оң нәтижемен шықты. 2020 жылы 2 600 633 тонна мұнай және 216 млн 814 мың текше метр ілеспе газ өндірілді. Түзетілген мұнай өндіру жоспары 388 тоннаға, ілеспе газ шығару бойынша 1 млн 21 мың текше метрге асыра орындалды.
2020 жылға арналған мұнай өндіру бойынша 2 млн 820 мың тонна көлеміндегі бастапқы жоспар ОПЕК+ келісімінің аясындағы шектеулерді ескере отырып және Прорва мен Новобогат кен орындары топтарында газ факторының өсу жағдайларында азаю жағына қарай түзетілді.
Пандемия барлау мақсатында бұрғылаудың жылдық көлемінің орындалуына әсер тигізді. Сонымен бірге пайдалану барлауы бойынша жоспар асыра орындалды. Пандемиямен байланысты ұйымдастырудағы қиындықтарға қарамастан, қосымша мұнай өндірілген жаңа ұңғымалар сәтті енгізілді. Жөндеуаралық кезең 320 күннен 386 күнге дейін яғни, 66 күнге көбейді. Ұңғымаларды күрделі жөндеудің және қосымша аттырудың арқасында қосымша мұнай өндіру қамтамасыз етілді.
Компанияның көбінесе өнім өндірудің соңғы сатысындағы кен орындарын игеретін басым міндеттерінің бірі ресурстық базаны өсіру болып табылады. Есепті жылы геологиялық барлау жұмыстары бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде барланып жатқан С. Нұржанов кен орнының (солтүстік-батыс қанаты) бұрғыланбаған бөлігінде триас түзілімдерінде жаңа өнімді көкжиек табылды. НСВ-11 бағалау ұңғымасын бұрғылаудың қорытындылары бойынша 9 мм штуцерде дебиті 165 м3 /тәул құрайтын сусыз мұнайдың бұрқақты ағыны шығарып алынды.
Есепті кезеңнің ішінде ҚР Пайдалы қазбалар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Шығыс Мақат, Оңтүстік-Шығыс Қамысты, Уаз, Шығыс Уаз және С. Нұржанов (солтүстік-батыс қанаты) кен орындары бойынша мұнай мен газ қорларының өзгерістері бекітілді. Шығарылатын мұнай қорларының өсімі жоспар бойынша 3,0 млн тонна бола тұра, 4,6 млн тоннаны құрады, дәлелденген қорларды толықтыру коэффициенті 179 %-ға жетті.
2021 жылдың басындағы жағдай бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ балансында А+В+С1 (геол/шың) санаттары бойынша 481,1 / 87,7 млн тонна қалдықтық мұнай қорлары бар 46 кен орны бар. Кен орындары қорларының орташа өнімділігі 70 %-ды құрайды.
Соңғы жылдары Компания өз кен орындарында көлденең бұрғылауды белсенді түрде енгізіп жатыр. Көлденең ұңғымаларды бұрғылаудың артықшылықтары көп және көптеген тік ұңғымаларды бір оқпанға ауыстыруға мүмкіндік береді. Осы технологияда қоршаған ортаға зиянды шығарындылар көлемі айтарлықтай азаяды және игеруге қиындықпен шығарылатын мұнай қорларын тарту арқылы кен орындарының «өмірі» ұзартылады. Ембі кен орындарында көлденең ұңғымаларды бұрғылау тиімділігі тік ұңғымаларға қарағанда 8-10 есе жоғары. Сондықтан, 2021 жылы Компания 21 ұңғыманы, оның ішінде 7 тік және 14 көлденең ұңғыманы бұрғылауды жоспарлап отыр.
2021 жылдың басына қарай мұнайлы Ембі кен орындарында барлығы 14 горизонталды ұңғыма бұрғыланды. Олардың ішінде Гран кен орнында («Жайықмұнайгаз» МГӨБ) соңғы бұрғыланған ұңғыманың көлденең учаскесінің ұзындығы 1 км құрайды. Бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша ең ұзын ұңғыма болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, былтырғы жылы Компания толығымен пандемия жағдайында жұмыс істеді. 2020 жылдың наурызынан бастап желтоқсанына дейін «Ембімұнайгаз» АҚ орталық штабы 34 отырыс өткізіп, 84 мәселені қарады. Компанияда эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз етумен байланысты барлық іс-шараларды іске асыру үшін біздің жұмыскерлеріміздің өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мақсатында 2020 жылы 4 млрд 900 миллион теңгеге шарттар жасасу туралы шешімдер қабылданды. Бұл қаржы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер ұйғарған эпидемияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге – вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ПТР-тестілеуден және 7-күндік карантиннен құралатын жұмыс орындарына баруға рұқсат ету алгоритмін ұйымдастыруға, қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және барлық өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық объектілер мен автокөліктерді залалсыздандыру бойынша барлық санитарлық талаптарды орындауға, инфекция жұқтырған вахтаны алмастыратын резервтік бригадаларды құруға, вахтаны 14 күннен 28 күнге дейін созуға, вахта кезеңінің ұзаруына байланысты үстеме жұмыс үшін мұнайшыларға ақы төлеуге және тағы басқаларға жұмсалды.
Пандемия және мердігерлік компаниялардың кеңсеге және ЕМГ кен орындарына кірудің шектелуі жағдайларында 2020 жылдың басынан бастап орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер актісіне қол қоюдың электрондық жүйесі жедел түрде енгізілді. Бұл жүйе мердігерлік мекемелердің орындайтын барлық жұмыстарын дер кезінде рәсімдеуге және есеп жүйесінде көрсетуге мүмкіндік берді.
Ембі кен орындарында горизонталды ұңғымаларды бұрғылау тиімділігі тік ұңғымаларға қарағанда 8-10 есе жоғары. Сондықтан, 2021 жылы Компания 21 ұңғыманы, оның ішінде 7 вертикалды және 14 горизонталды ұңғыманы бұрғылауды жоспарлап отыр.
2020 жылы барлығы 21 мың 724 ПТР-тест өткізілді. Компания шегінде қабылданған барлық шаралар пандемия басталғаннан кейінгі 2 айдан астам уақыт бойы Теңіз кен орнының жұмыскерлерінің жаппай инфекция жұқтыруының нәтижесінде Жылыой ауданында жағдай өршігенге дейін өз объектілерімізде эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтап тұруға мүмкіндік берді.
Былтырғы әдеттен тыс жұмыс жағдайларына қарамастан, Компания бойынша өндірістік жарақаттанушылық деңгейінің едәуір азайғанын айтқым келеді. Өлім-жітім бойынша нөлдік көрсеткішті бірнеше жыл бойы қатарынан сақтап келеміз. Жазатайым оқиғалардың саны 5-уден 1-ге дейін азайды. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының саны 5-ден 1 дейін еселі азайды. Компания үшін бұл көрсеткіштер – біздің дұрыс бағытта жылжып бара жатқанымызды және қызметкерлеріміздің өз отбасыларына аман-есен оралып жатқанын дәлелдейтін ең үздік жетістіктер!
Жүйелі, соның ішінде былтырғы қыркүйектен бастап енгізіліп жатқан «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Цифрлық трансформациялау – «Сапарларды басқару» бағдарламасының және кен орындарында арнайы техниканы тиімді басқару бағдарламасының аясындағы жобалардың есебінен жасалып жатқан жұмыстың нәтижесінде де ЖКО санын айтарлықтай кеміте алдық.
«Сапарларды басқару» жобасының аясында кен орындарында автокөліктерді қауіпсіз жүргізудің жылдамдық режимін бақылау, жүрісті бақылау, қауіпсіздік белдігін бақылау сияқты негізгі көрсеткіштер анықталды. Сонымен қатар кәсіпшілдік жолдарының ішінде (40 км/сағ шектеулер) және кен орнының ішіндегі асфальт жолдарда (60 км/ сағ шектеулер) жылдамдық геоаймақтары қойылды. Жыл қорытындылары бойынша қолданыстағы GPS трекерлеріне Компанияның 419 бірлік автокөліктерін «Сити Пойнт» ең соңғы үлгідегі жүйесіне қоса аяқталды. 2021 жылы осы жүйеге мердігерлік компаниялардың қызметтік автокөлігін қосу жоспарланып отыр.
Арнайы техниканы басқаруды көздейтін екінші жоба бойынша Компанияның автокөлік құралдары мен арнайы техникасының түрлері мен жұмыс ұзақтығы көрсетілген бағдарлама әзірленді. Барлық цехтар және ПСП учаскелері өндірістік блок мамандарымен бірлесіп өз өндірістік жоспарларына және басқа да жұмыстарына сәйкес автокөліктер мен арнайы техникаға өз қажеттіліктерін анықтады. Осы жұмыстардың қорытындылары бойынша арнайы техниканы пайдалану тиімділігін арттыратын және біздің қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шешімдер қабылданды.
Былтырғы жыл қазақстандықтар және Атырау облысының тұрғындары үшін әсіресе ауыр болды. Сондықтан экономикалық жағдайдың тұрақсыз болуына қарамастан Компания Атырау облысының әкімдігіне қолдан келгенше көмек көрсетті. Компания бөлген 500 млн теңге көлеміндегі қаражат COVID-19 пандемиясы басталғалы бері «BirgemizAtyrau» Қоғамдық қорына дәрілік препараттарды сатып алуға, Атырау облыстық ауруханасына медициналық құрал-жабдықтарды (ӨЖЖ арналған оттегі концентраттарын сатып алу, ота жасау блоктарын, жансақтау бөлімін, диализдік орталықтарды, провизорлық бөлімшелерді жабдықтау бойынша емдік газбен қамсыздандыру жүйесін жүргізу) сатып алуға, басқа да осы сияқты мақсаттарға, Жылыой аудандық ауруханасына үшін жеке қорғану құралдарын сатып алуға, Атырау қ. Береке шағын ауданындағы карантиндік стационарларды тұрмыстық техникамен және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жұмсалды. Оған қосымша, Исатай, Мақат, Жылыой және Қызылқоға аудандарының әкімдіктеріне блок-посттарды ұйымдастыруға, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге қолдау жасалды.
Сондай-ақ, ембіліктер еріктілер ретінде 1 миллион теңге жинап, оны карантинге оқшауланған медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлеріне мекенжайлары бойынша көмек көрсетуге жұмсалды. Сонымен бірге, «Nur Otan» партиясының бастауыш партиялық ұйымдарының бастамасы бойынша «Жайықмұнайгаз» және «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларында мұнайшылар Атырау облысы Исатай және Қызылқоға аудандарының әлеуметтік аз қамтылған отбасыларыа көмек көрсетті.
Сонымен қатар, компания 2020 жылы Атырау облыстық әкімдігіне мүмкіндіктері шектеулі 7 мың 300 балаға сыйлық алуға және 274 медицина қызметкерлеріне, соның ішінде қайтыс болған төрт дәрігердің отбасыларына материалдық көмек көрсетуге 130 млн теңге бөлді.
Дәстүр бойынша Ембі ұжымы Компанияның бастамасына қосылып, ерікті негізде жиналған 1,1 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа мамандандырылған балалар үйінің, «Шаңырақ» облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің, Атырау балаларды оңалту орталығының, Психологиялық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған Бөбекжай-бақшасының, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ның балаларына жаңажылдық сыйлықтар алынып, таратылды.
Осы бір қиын-қыстау кезеңде қабылданған шешімдер дағдарысты жағдайларда алға қойылған міндеттерін ойдағыдай орындап отырған Компанияның тұрақтылығын тағы бір рет дәлелдеп отыр.
2021 жылы алдымызға шешуді талап етіп отырған бүтіндей бір кешен міндет қойылып отыр. Ең алдымен, бұл Прорва және Новобогат кен орындары топтары бойынша газ факторының өсуімен байланысты мәселелерді шешу, қолданыстағы кен орындарын толық барлау бойынша жұмыстарды жалғастыру, С. Нұржанов (солтүстік-батыс қанаты) және Солтүстік Уаз кен орындарында өндіру кезеңіне көшу болып табылады. Біз өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында оның барлық кезеңдерінде ауыстыруды/ оңтайландыруды/жаңартуды талап ететін тар жолдарды анықтау бойынша жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ жөндеуаралық, тазартуаралық кезеңдер және т. б. сияқты негізгі өндірістік көрсеткіштерді жоғарылата отырып, өндірістік шығындарды азайту үшін әртүрлі іс-шараларды енгізу жалғастырылады.
Кәсіби топ-менеджерлер командасының және білікті персоналдың жалғасып жатқан пандемияға қарамастан, ағымдағы жылы Компанияның операциялық тиімділігін арттыру және қойылған мақсаттарға жету үшін бар күшін салатынына сенімдімін!