ДАМУСТРАТЕГИЯСЫ
Компания болжамы
«Ембімұнайгаз» АҚ - ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ететін жоғары білікті қызметкерлері мен тиімді ресурстық базасы бар, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сай келетін, мажоритарлық мемлекеттік қатысуы бар, тиімділігі жоғары мұнайгаз компаниясы.
Біздің миссиямыз
Біз әлеуметтік және бизнес мүдделердің тепе-теңдігін сақтау арқылы компания жұмысшыларына тұрақтылықты, акционерлерге тиімділікті қамтамасыз ету үшін мұнай мен газды өндіреміз.
Біз нені меңзеп отырмыз:
- Тиімділігі жоғары – жоғары қаржылық және өндірістік көрсеткіштер, EVA>0, ROACE>WACC
- Мұнай-газ – мұнай мен газды барлауды және өндіруді, мұнай дайындауды және газды қайта өңдеуді жүзеге асыратын
- Мажоритарлық мемлекеттік қатысу – Қазақстан Республикасы Компаниядағы 50 % астам үлеске ие
- Біліктілігі жоғары персонал – кәсіби білімдері мен дағдылары бар, тұрақты дамуға ұмтылатын
- Рентабельді ресурстық база – экономикалық тиімділіктің негізгі параметрлерін сақтай отырып, Компания персоналының жұмысбастылығын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін
- Ұзақ мерзімді даму – 10 жыл және одан жоғары мерзімге
- Тұрақтылық – Компания персоналының ұзақ мерзімді кезеңге жұмысбастылығын қамтамасыз ету
- Әлеуметтік және бизнес-мүдделерді теңдестіру – Компанияның персоналы мен қызмет өңірі үшін тұрақтылықты да, акционер үшін тиімділікті де қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдау.
Біздің құндылықтарымыз
Адам өмірі – біздің басты құндылығымыз. Өзіміз және әріптестеріміз үшін қауіпсіздік мәдениетін енгізу арқылы жұмысшыларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. Жұмысқа келген қызметкер отбасына аман-есен оралуы тиіс.
Компания алға қойған мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуге тырысады. Біз жақсы нәтижеге қол жеткізуге ынтасы жоғары жұмысшыларды бағалаймыз.
Компания қоршаған орта мен Компания мүлкіне ұқыпты қарайтын қызметкерлерді бағалайды.
Компания өз жұмысшыларының кәсіби біліктілігін арттыру үшін барлық жағдай жасауда. Біз білімін жетілдіруге ынтасы бар жұмысшыларды бағалаймыз және кәсіби тұрғыда өсуге бәріне бірдей жағдай жасаймыз.
Компания сыйластық пен сенімге негізделген өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады.
Стратегиялық басым мақсаттар
«Ембімұнайгаз» АҚ 2027 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында шешім қабылдау кезінде Компанияның басшылыққа алатын және, оның пікірі бойынша, бизнесті табысты дамуын алдын ала анықтайтын ережелер мен тұжырымдамалар кешенін анықтайды. Бұл құжат алдағы бағдарламалық құжаттарды, болжамдық қаржы-экономикалық модельдерді (бизнес-жоспарларды), тәуекелдерді басқару жүйесін, Компанияның жыл сайынғы бюджетін әзірлеу үшін, сондай-ақ, Компанияның жобалар портфелін, соның ішінде, инвестициялық жобаларды құру кезінде негіз ретінде қолданылады. Даму тұжырымдамасын іске асыру өңірді экономикалық дамытуға елеулі үлес және Компанияның мыңдаған ұжымына болашаққа сенім қосуға мүмкіндік береді.
Даму тұжырымдамасына сәйкес шешім қабылдау кезінде Компанияның негізгі стратегиялық басымдылықтары мыналар болып табылады:
Компания болмысының ажырамас бөлігі ретіндегі кірістілік.
Персоналды ағымды және жаңа жобаларға тиімді бөлу арқылы Компания қызметкерлерінің жұмысбастылығын қамтамасыз ету.
Еңбек өнімділігін және өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Ағымды және жаңа жобалар бойынша технологияларды таңдау барысында Компания басымдылықты энерготиімді технологияларды пайдалануға береді.
Жер қойнауын тиімді пайдалану және қоршаған ортаға кері әсерді азайту. Өндірістің өсуі жағдайында Компания экологияға кері әсерді азайтатын жаңа технологияларды енгізеді.
Стратегиялық жобалардың бағыттары
Қызметтің стратегиялық бағыттары
ПКомпания қызметінің басым бағыты тұрғындардың жұмыспен қамтылуын және акционерлік құнды құруды қамтамасыз ету үшін «Ембімұнайгаз» АҚ тұрақты және ұзақ мерзімді дамуын қолдайтын бәсекеге қабілетті ресурстық базаны қалыптастыру болып табылады.
Қызметтің басым бағыттары:
- әрекет етуші және жаңа шарттар бойынша геологиялық барлау жұмыстарын орындау,
- қолданыстағы кен орындарында қосымша барлауды жүзеге асыру,
- қолданыстағы кен орындарында өндіру тиімділігін арттыру
Компания өзінің қолданыстағы кен орындарында мұнайды өндіруді және өндіруді қарқындатуды мұнайды шығарып алу коэффициентін (МШК) арттырудың жаңа технологияларын енгізу арқылы жүзеге асырады.
Өндірістік процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін Компания ұңғымалардың жөндеу аралық кезеңдерін (ЖАК) арттыруға, арнайы техника паркін пайдалану коэффициентін арттыруға және персонал үшін жайлы тұрмыстық қамтамасыз етуге бағытталған мұнай сервисі процестерін дамытады.
Мұнай өндіру барысында қалыптасатын ілеспе газды кәдеге жарату қоршаған ортаға ұқыпты қараудың міндетті шарты болып табылады. Одан басқа, өндіріп жатқан тауар газын Компания өз қажеттіліктері үшін де, жергілікті нарықта өткізу үшін де пайдаланатын болады.
Кен орындарындағы өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды қолдап отыру үшін Компания автожолдар құрылысы мен жөндеуін жүзеге асырып, персоналдың тұрақтау және тамақтану, шаруашылық инфрақұрылым нысандарын тиімді пайдалану мәселелерін шешеді.
Қызметінің барлық бағыттарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Компания еңбекті қорғауды, қауіпсіздік техникасын, HR және өндірісті автоматтандыруды дамытуға көп көңіл бөледі.
Стратегиялық индикаторлар
ПӘК |
БІРЛ. |
2018 (НАҚТЫ) |
2019 (НАҚТЫ) |
2020 (ЖОСП) |
2020 (НАҚТЫ) |
2021 (ЖОСП) |
2022 (ЖОСП) |
2027 (ЖОСП) |
2032 (ЖОСП) |
Қорлар |
млн тонна |
74,30 |
85,601 |
85,820 |
87,651 |
90,651 |
202,64 |
184,68 |
146,24 |
Өндіру көлемдері |
млн тонна |
2,9 |
2,9 |
2,6 |
2,6 |
2,7 |
3,99 |
3,15 |
11,3 |
Мұнайдың лифтинг шығындарының өзіндік құны |
теңге/тонна |
23 000,44 |
24 458,14 |
33 534,69 |
29 011,35 |
34 290,66 |
34 725,4 |
– |
– |
Персонал саны |
ад. |
5 118 |
4 894 |
5 150 |
4 797 |
5 130 |
5 055 |
5 015 |
5 015 |
ROACE |
% |
27 % |
34 % |
–4 % |
15 |
–0,6 % |
4,1 % |
>WACC |
>WACC |
EBITDA |
млн долл. |
332,6 |
430,8 |
56,56 |
150 |
71,959 |
141,58 |
248,3 |
1 840,7 |
EVA |
млн долл. |
135,8 |
172,8 |
–106,8 |
7,5 |
–78 018 |
–53 897 |
>0 |
>0 |
Негізгі тәуекелдер
Тәуекелдерді басқару үшін Компанияда тәуекелдерді басқару құжаттары мен процедуралары әзірленген және бекітілген. Компания Даму концепциясын іске асырудың келесі негізгі тәуекелдерін және оларды барынша азайту бойынша іс-шараларды анықтады:
№ | Факторлар | Ықтимал әсері | Барынша азайту шаралары |
1 |
Өндірудің өзіндік құнының жоғары болуының себебінен игеру кезеңінде тұрған кен орындарында өндіру көлемдерінің төмендеу |
Өндіру көлемдерінің төмендеуі |
Геологиялық барлау және M&A мәмілелер есебінен қорларды арттыру |
2 |
Тұзасты Қаратон жобасы бойынша перспективалы қыртыстардың орналасу тереңдігінің себебінен геологиялық тәуекелдер деңгейінің жоғары болуы |
Компания құнының төмендеуі |
Стратегиялық серіктесті тарту |
3 |
Дивидендтердің басым көлемін акционердің алуының салдарынан жобаларды қаржыландыру үшін инвестициялық әлеуеттің төмендеуі |
Қорлар мен өндірудің өсімінің болмауы |
Акционердің концепцияны (с.і. инвестициялық және дивидендтік саясаттарды), инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларын бекіту |
4 |
Мұнай бағасының арзандауы (базалық сценарийден төмен) |
Компания түсімінің төмендеуі |
Өзіндік құнды төмендету бойынша бизнес – бастамаларды іздестіру |
5 |
Қазақстан экономикасының макропараметрлерін келеңсіз өзгерту (теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы, инфляция деңгейі) |
Компания құнының төмендеуі, шығын бөлігінің жоғарылауы |
Компанияның салық саясатын оңтайландыру бойынша шараларды әзірлеу және қолдану, өндірісті оңтайландыру |
6 |
Заңсыз ереуілдердің пайда болу тәуекелі |
Қызметтегі үзілістер |
Үдерістерді аутсорсингке аудару бойынша салмақты саясат Персоналды қайта дайындау бағдарламаларын дер кезінде жүзеге асыру Компанияның әлеуметтік климатын мониторингтеу және талдау |