КОРПОРАТИВТІКБАСҚАРУ
Басқару органдары
Директорлар кеңесі
2020 жылғы Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер
АТЫ – ЖӨНІ |
Лауазымы |
Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы |
Директорлар кеңесінің төрағасы |
Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлы |
Директорлар кеңесінің мүшесі |
Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы |
Директорлар кеңесінің мүшесі |
Бекназарова Айгүл Жақсықұлқызы |
Директорлар кеңесінің мүшесі |
Қайржан Есен Қайржанұлы |
Директорлар кеңесінің мүшесі |
Ертлесова Жаннат Жорғалиқызы |
Тәуелсіз директор |
Ізбасов Мақсым Шафихұлы |
Тәуелсіз директор |
Украсин Игорь Александрович |
Тәуелсіз директор |
Жалғыз акционердің 2020 жылғы 20 маусымдағы шешімімен Қ.О. Есқазиевтің Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі және И.А.Украсиннің тәуелсіз директор ретіндегі өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Жалғыз акционердің 2020 жылғы 28 қазандағы шешімімен Д.К. Хасановтың Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды, және Жалғыз акционердің өкілі ретінде М.О.Сәулебай («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі департамент директоры) сайланды.
АТЫ – ЖӨНІ |
Лауазымы |
Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы |
Директорлар кеңесінің төрағасы |
Сәулебай Мәлік Оралұлы |
Директорлар кеңесінің мүшесі |
Бекназарова Айгүл Жақсықұлқызы |
Директорлар кеңесінің мүшесі |
Қайржан Есен Қайржанұлы |
Директорлар кеңесінің мүшесі |
Ертлесова Жаннат Жорғалиқызы |
Тәуелсіз директор |
Ізбасов Мақсым Шафихұлы |
Тәуелсіз директор |
Директорлар кеңесінің құрамы
И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институттың «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша (1984 ж.), Мәскеу мемлекеттік басқару университетін (2002 ж.) бітірген.
Экономика ғылымдарының кандидаты
- Еңбек қызметін 1984 жылы «Комсомольскнефть» МГӨБ-да техникалық бөлім бастығы болып бастады.
- 1990 жылдың қарашасынан бастап 1991 жылдың наурызына дейін – «Сфинкс» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызмет директоры.
- 1991 жылдың наурызынан бастап 1993 жылдың наурызына дейін – көмірсутек шикізаты мен мұнай-химия бөлімінің бастығы, бөлім бастығының орынбасары, ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің бас инженері.
- 1993 жылдың наурызынан бастап 1993 жылдың маусымына дейін – ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің теңіз жұмыстары басқармасының бастығы.
- 1993 жылдың маусымынан бастап 1997 жылдың маусымына дейін – «Қазақстанкаспийшельф» АҚ вице-президенті және бас директоры.
- 1997 жылдың маусымынан бастап 1999 жылдың қаңтарына дейін – «ҚазақОйл» ҰК» ЖАҚ инвестициялар және жаңа жобалар жөніндегі директор, коммерциялық директоры, газ жобалары жөніндегі вице-президенті.
- 1999 жылдың қаңтарынан бастап 1999 жылдың наурызына дейін – «Қазақстан Халық Банкі» ЖАҚ басқарма мүшесі.
- 1999 жылдың наурызынан бастап 1999 жылдың қыркүйегіне дейін – «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану жөніндегі вице-президенті.
- 1999 жылдың қыркүйегінен бастап 2001 жылдың қыркүйегіне дейін – «ҚазақОйл» ҰК» ЖАҚ вице-президенті.
- • 2001 жылдың қыркүйегінен бастап 2002 жылдың наурызына дейін – «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық компаниясының Бас директорының орынбасары.
- 2002 жылдың наурызынан бастап 2004 жылдың наурызына дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. СБК (КПО Б.В.) бойынша жобалардағы үлестерді басқару жөніндегі өкілетті органның төрағасы.
- 2004 жылдың наурызынан бастап 2006 жылдың маусымына дейін – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры.
- 2006 жылдың маусымынан бастап 2006 жылдың қарашасына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
- 2006 жылдың қарашасынан бастап 2008 жылдың желтоқсанына дейін – KAZENERGY Қауымдастығының үйлестіру кеңесінің төрағасы.
- 2008 жылдың желтоқсанынан бастап 2019 жылдың ақпанына дейін – North Caspian Operating Company (NCOC B.V.) Басқарушы директорының орынбасары.
- 2019 жылдың ақпанынан бастап – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары.
«Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Респуб ликасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «KAZENERGY Қауымдастығының 10-жылдығы», ҚР ЭМ «Қазақстан мұнайының 120-жылдығы» медальдарымен, сондай-ақ Еуропа Бизнес Қауымдастығы ұйғарған Патшайым Виктория Орденімен марапатталған. ҚР Энергетика министрлігінің «ҚР мұнай-газ саласының еңбегі сіңген қызметкері», Геология комитетінің «Қазақстан Республикасының кен орнын тұңғыш ашушы» төсбелгілері бар.
РФММ (1991 ж.), Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша (1995 ж.), Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша (1999 ж.), И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша (2014 ж.) бітірген.
- Еңбек жолын 1995 жылы бастаған, 2000 жылға дейін банк саласында жұмыс істеген («Қазпоштабанкте» жетекші экономист, департамент директорының орынбасары, «Альфа банкте» аға бухгалтер-бақылаушы, «Транс Азиялық Сауда банкі» ААҚ-да басқарма бастығы).
- 2000 жылдан бастап 2005 жылға дейін прокуратура органдарында қызмет атқарған (Астана қ. Алматы ауданында Прокуратура бөлімінің прокуроры, Бас прокурор орынбасарының көмекшісі, Астана қ. прокуратура басқармасының бастығы, Орталық өңірлік көлік прокуратурасы). «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен марапатталған. 2005 жылы біліктілік емтиханын сәтті тапсырып, судьялар резервіне енгізілген.
- 2005 жылдан бастап 2006 жылға дейін – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінде басқарма бастығы.
- 2006 жылы – «ҚазТрансГаз» АҚ активтерді басқару департаментінің директоры. • 2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін – «ҚазТрансОйл-Сервис» АҚ бас директоры.
- 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін – «ҚазМұнайГаз – Қайта өңдеу және Маркетинг» АҚ-да құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор, Бас директордың кеңесшісі.
- 2011 жылдан бастап 2016 жылға дейін – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚда құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі, аппарат басшысы – Басқарма мүшесі.
- 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін – «Қаражанбасмұнай» АҚ сыртқы және корпоративтік байланыстар жөніндегі вице-президент.
- 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін – «Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі.
- 2019 жылдың мамырынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор.
- 2020 жылдың шілдесінен бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі департамент директоры.
Еңбек жолын ҚазССР Мемжоспар жанындағы экономика және нарық қаты - настары ғылыми-зерттеу институтында ғылыми маман қызметінен бастады. 1992 жылы аталған институт директорының орынбасары болып тағайындал - ды. Кейін ҚР Экономика министрлігіне шақырту алып, қаржы-несиелік саясат басқармасы басшысы қызметіне кірісті.
1994 жылы – ҚР экономика министрінің бірінші орынбасары. ҚР Министрлер кабинеті және ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық реформалар орталығы - ның басшысы, Қаржы министрінің бірінші орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ вице-президенті, ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Қорға - ныс министрінің орынбасары, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсеке - лестікті қорғау жөніндегі Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан - ның салық төлеушілер қауымдастығы кеңесінің басқарушы төрайымы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары сияқты және тағы басқа лауазымдарда еңбек етті. Қазіргі кезде «Эксперт Қазақстан» ЖШС дирек - торы қызметін атқарады.
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1976 ж.) «Мұнай және газ кен орындарын игеру технологиясы және кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша, Алматы политология және басқару институтын (1991 ж.) бітірген.
Еңбек қызметін 1976 жылы «Күлсарымұнай» МГӨБ Күлсары кен орнының мұнайы мен газын өндіру жөніндегі операторы болып бастады. Содан кейін Күлсары кен орнының өндірістік-технологиялық бөлімінде аға инженер, жерасты жөндеу цехы - ның бастығы, өндіру цехының бастығы болып жұмыс істеген. 1985 жылдан бастап 1989 жылға дейін – «Күлсарымұнай» МГӨБ партиялық комитет хатшысы. Әр жыл - дары «Күлсарымұнай» МГӨБ жоспарлық-экономикалық бөлім бастығы, бас инженері, «Теңізмұнайгаз» ӨБ өндірістік-технологиялық бөлім бастығы, бас инженері, вице-президенті болып жұмыс істеген. «Ембімұнайгаз» және «Теңізмұнайгаз» екі акционерлік қоғамының бірігуіне байланысты 1999 жылы «Күлсарымұнайгаз» МГӨБ бастығы болып тағайындалды. 2004 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акцио - нерлік қоғамының «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры лауазымына тағайындалды. Содан кейін «Күлсарымұнайгаз» МГӨБ бастығы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ ӨФ – «Ембімұнайгаз» бас техникалық басшысы, Норт Каспиан Оперейтинг Компани компаниясының Атырау филиалының жергілікті билік ор - гандармен байланыс жөніндегі аға кеңесшісі болып жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін – Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі.
«Құрмет» орденімен (1999 ж.); «ҚР Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.); «Қазақстан мұнайына 120 жыл» (2019 ж.) медальдарымен, Мәдениет және гуманитарлық салаларындағы қайы - рымдылық және демеушілік қызметі үшін ҚР Президентінің Құрметті дипломымен (2006 ж.; ҚР Президентінің (2001, 2005 ж.) және Атырау облысы әкімдерінің (2001, 2005, 2007 ж.) Алғыс хаттарымен, КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің (1980 ж.) ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің (2004 ж.) және ҚР Мұнай және газ министрлігінің (2010 ж.) Құрмет грамоталарымен, Облыстық кеңестің және облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, мұнайдың және мұнай кен орындарының 100-жылдық мерейтойларының құрметіне төсбелгілермен марапатталған. Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіподақтарының халықаралық конфедерациясы сыйлығының лауреаты (2005 ж.). Жылыой (2004 ж.) және Атырау облысы Қызылқоға аудандарының құрметті азаматы (2007 ж.). «Жыл мұнайшысы» атағы (Жыл адамы) (2001 ж.) Облыстық мәслихаттың екі шақырылымының депу - таты (1999-2003, 2003–2007 жылдары).
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1997 ж.) «Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар» мамандығы, PACE University (Нью-Йорк) оқу орнын (1999 ж.) «Қаржылық менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады.
2020 жылдың 1 шілдесінен бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры қызметін атқарып келеді. Бұрын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қаржы директоры – қаржылық бақылаушысы қызметін атқарған.
Әр жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ халықаралық департаментінің директоры, құрылымдық қаржыландыру басқармасының бастығы, «Қазинвестбанк» АҚ қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі басқарушы директор, «ҚазМұнайТеңіз» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
1985 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кәсіпшіліктерінің машиналары және құрал-жабдықтары» мамандығы бойынша бітірген.
2000 жылы В.П. Горячкин атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін «Кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша бітірген.
- 1985 жылдан бастап 1992 жылға дейін – «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің «Жетібаймұнай» МГӨБ слесарь-жөндеушісі, инженері, аға жөндеушісі.
- 1992 жылдан бастап 1994 жылға дейін – Маңғышлақ мұнарамонтаждау басқармасының мұнара құрылысы прорабы.
- 1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін – Қызылорда қ. «Южнефтегаз» АҚ өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары.
- 1995 жылдан бастап 2002 жылға дейін – «Құмкөл-ЛУКойл» АҚ бас директорының орынбасары.
- 2002 жылдан бастап 2016 жылдың сәуіріне дейін – «Торғай-Петролеум» АҚ бас директорының орынбасары, бас директоры.
- 2016 жылдың сәуірінен бастап 2017 жылдың шілдесіне дейін – «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті.
- 2017 жылдың шілдесінен бастап 2018 жылдың қарашасына дейін – «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, бас директоры.
- 2018 жылдың қарашасынан бастап 2020 жылдың қаңтарына дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Сатып алулар және қамсыздандыру жөніндегі басқарушы директор.
- 2020 жылдың 16 қаңтарынан бастап – «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы.
2012 жылы РФ Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясының ГОУ ВПО, «МВА: Менеджмент – Халықаралық бизнес» – «Іскерлік әкімшілендіру шебері» мамандығы бойынша бітірген.
Басқарма
2020 жылдың ішіндегі Басқарма құрамындағы өзгерістер
АТЫ – ЖӨНІ |
Лауазымы |
Қайржан Есен Қайржанұлы |
Басқарма төрағасы |
Қасымғалиев Қанатбек Махмудұлы |
Басқарма төрағасының Өндіріс жөніндегі орынбасары |
Тасмағамбетова Рысты Нұрғалиқызы |
Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары |
Әділбеков Қайрат Әділбекұлы |
Басқарма төрағасының Геология және игеру жөніндегі орынбасары |
Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы |
Басқарма төрағасының Жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары |
Тоқмұрзиев Асқар Әділбекұлы |
Заң департаментінің директоры |
1985 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кәсіптерінің машиналары және жабдықтары» мамандығы бойынша тәмамдады.
2000 жылы В.П. Горячкин атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін «Кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша тәмамдады.
- 1985 жылдан бастап 1992 жылға дейін – «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің «Жетібаймұнай» МГӨБ слесарь-жөндеушісі, инженері, аға жөндеушісі.
- 1992 жылдан бастап 1994 жылға дейін – Маңғышлақ мұнарамонтаждау басқармасының мұнара құрылысы прорабы.
- 1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін – Қызылорда қ. «Южнефтегаз» АҚ өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары.
- 1995 жылдан бастап 2002 жылға дейін – «Құмкөл-ЛУКойл» АҚ бас директорының орынбасары.
- 2002 жылдан бастап 2016 жылдың сәуіріне дейін – «Торғай-Петролеум» АҚ бас директорының орынбасары, бас директоры.
- 2016 жылдың сәуірінен бастап 2017 жылдың шілдесіне дейін – «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті.
- 2017 жылдың шілдесінен бастап 2018 жылдың қарашасына дейін – «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, бас директоры.
- 2018 жылдың қарашасынан бастап 2020 жылдың қаңтарына дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Сатып алулар және қамсыздандыру жөніндегі басқарушы директор.
- 2020 жылдың 16 қаңтарынан бастап – «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы.
2012 жылы РФ Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясының ГОУ ВПО, «МВА: Менеджмент – Халықаралық бизнес» – «Іскерлік әкімшілендіру шебері» мамандығы бойынша бітірген.
«Ерен Еңбегі үшін» медалімен (1999 ж.); «Торғай Петролеум» АҚ 10 жылдығына орай компанияның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін алғыс жарияланды (2005 ж.); «Құрмет» орденімен (2009 ж.); «Атамекен» орденімен (2010 ж.); «ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд» Президентінің құрмет грамотасымен (2010 ж.); ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитет төрағасының Алғыс хатымен (2010 ж.); интернат үйі директорының алғыс хатымен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2011 ж.); «Торғай Петролеум» АҚ 20 жыл» естелік медалімен, сондай-ақ бірқатар алғыс хаттармен және грамоталармен, оған қоса, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен (2011 ж.); ҚР Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен (2012 ж.); Қызылорда қ. Облыстық жұмысбастылық және әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының алғыс хатымен (2011 ж.); Қызылорда қ. Әкімінің Алғыс хатымен (2011 ж.) марапатталған, Қызылорда қ. Әкімі қаланы дамытуға қосқан үлесі үшін және «Қала күні» мерекесіне орай, «Мұнайшы күні» кәсіби мерекесіні орай Алғыс жариялаған; ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 20-жылдығына орай грамотамен (2012 ж.); ҚР Қарды министрінің Алғыс хатымен (2013 ж.); «ТорғайПетролеум» АҚ 20 жылдығы» естелік медалімен (2015 ж.), Қызылорда қ.; «ЛУКОЙЛ» ӨАҚ Президентінің алғыс хатымен (2015 ж.), Мәскеу қ.; ҚР Энергетика министрлігінің «Қазакстан мұнайына 120 жыл» мерейтойлық медалімен (2019 ж.); «Өзенмұнайгаз» АҚ 55-жылдығына орай мерейтойлық медальмен (2019 ж.); Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен (2020 ж.); «Халық алғысы» медалімен (2020 ж.) марапатталған.
2001 жылы И.М. Губкин атындағы Мемлекеттік мұнай және газ университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.
2014 жылы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетімен бірлесіп әзірленген «Мұнайгаз бизнесін басқару» мамандануы бойынша «Іскерлік әкімшілендіру шебері» МВА бағдарламасын тәмамдады.
Еңбек қызметін 2001 жылы «Күлсарымұнайгаз» МГӨБ Тереңөзек МГӨЦ Қаратон кен орнының мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы болып бастаған. «Күлсарымұнайгаз» МГӨБ Тереңөзек МГӨЦ технологы, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБөндірістіктехнологиялық қызмет басшысының орынбасары, бас инженері, «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай және газ бөлімінің бастығы, мұнай және газ өндіру департаментінің директоры, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бастығы, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, «Ембімұнайгаз» АҚ Өндіру және игеру жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.
2017 жылдың қыркүйегінен бастап 2018 жылдың тамызына дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ игеру жөніндегі басқарушы директоры.
2018 жылдың тамызынан бастап 2019 жылдың тамызына дейін ҚМГ ҰК мұнай және газ өндіру департаментінің директоры.
2019 жылдың тамызынан бастап – «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары.
«Ембімұнайгаз» ӨФ Құрмет грамоталарымен, ҚР Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасымен (2012 ж.), «Прорва мұнайына – 50 жыл» төсбелгісімен (2013 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ – 95 жыл» Мерейтойлық медалімен (2017 ж.), «Қазақстан мұнайына 120 жыл» Мерейтойлық медалімен (2019 ж.) марапатталған.
Екі жоғары білімі бар – 1986 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «Тарих және педагогика» мамандығы бойынша, 2002 жылы – Атырау мұнай және газ университетін «Экономика және кәсіпорындағы менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.
2014 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «МВА: халықаралық бизнес» мамандығы бойынша, Іскерлік әкімшілендіру шебері біліктілігін тәмамдады.
Еңбек еткен жылдар ішінде әр түрлі басқарушы қызметтерді атқарды: «ЭИТЭК» ғылыми-өндірістік фирмасы өкілдігінің директоры (Мәскеу қ.), «Атырау мұнай корпорациясы» ЖШС директоры, «Каспий коммерциялық орталығы ЛТД» ЖШС қаржы директоры, «ҚМГ-Жайық» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» «Ембімұнайгаз» АҚ ӨФ директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары.
2012 жылдың қазанынан бастап– «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2017 жылдың сәуірінен бастап – «Ембімұнайгаз» АҚБасқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
«Доссор кен орнының игерілгеніне 100 жыл» естелік белгісімен (2011 ж.), «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасымен (2012 ж.), «Прорва мұнайына 50 жыл» төсбелгісі (2013 ж.), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Құрмет грамота - сымен (2014 ж.), «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасымен (2014 ж.), «KAZENERGY» Құрмет грамотасымен (2015 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ – 95 жыл» Мерейтойлық медалімен (2017 ж.), «KAZENERGY» медалімен (2018 ж.), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының алғыс хатымен (2019 ж.), «Қазақстан мұнайына 120 жыл» Мерейтойлық медалімен (2019 ж.), «Құрмет» орденімен (2020 ж.) марапатталған.
И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химиялық және газ өнеркәсібі институты «Геоло - гия және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірді. Жоғары оқу орнын бітірген соң еңбек жолын Оралдағы «Уральскнефтегазгеология» ПГО мұнайгаз барлау экспедициясында ұңғымаларды зерттеу операторы болып бастады.
1985–1993 жылдарда аға геолог, жетекші геолог, мұнай-газ қорын есептеу пар - тиясының басшысы, тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының бас геологы, «Уральскнефтегазгеология» ПГО мұнай өндіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы ретінде жұмыс істеді. КСРО қорлары бойынша Мемлекеттік комиссияда Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орындарының (1985 және 1988 жылдарда) және Теплов-Токарев тобының кен орындарының (1991 жылы) көмірсутекті шикізат қорларын барлауға, есеп жүргізуге, қорғауға қатысты.
1993 жылдан бастап 2001 жылға дейін коммерциялық және консалтингтік компания - ларда әр түрлі басшылық лауазымдарды атқарды. 2001 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Теңізшевройл» ЖШС қорды қайта есептеу жобасының үйлестірушісі, кен орындарын дамыту бөлімінің басшысы. Теңіз (2002 жылы) және Королевское (2004 жылы) мұнай кен орындарының қорын қайта есептеу, дайындау және келісім алу, техникалық схеманы дайындау жұмыстарының үйлестірушісі болды. 2005 жыл - дан бастап 2014 жылға дейін – «Қожан» ЖШС филиал басшысы, бас директордың орынбасары – бас геологы, «Jupiter Energy Pte. Ltd» компаниясының қазақстандық бөлімшесінде техникалық директор, «Азатпетротранс» ЖШС директоры қызметтерін атқарды. 2014 жылдың тамызынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ геология және геофи - зика департаментінің директоры, 2015 жылдың қыркүйегінен бастап «Ембімұнай - газ» АҚ бас директорының геологиялық барлау жөніндегі орынбасары.
2017 жылдың қыркүйегінен бастап – «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының геология және игеру жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қоры бойынша Мемлекеттік комис - сияның (ҚР ҚМК) тәуелсіз сарапшысы болып табылады.
«Қазақстан Республикасының Жер қойнауын Үздік барлаушысы» төсбелгісімен; «Уральскнефтегазгеология мұнай-газ барлау экспедициясының» Құрмет грамо - тасымен (1986 ж.); Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен (1987 ж.); «Уральскнефтегазгеология мұнай-газ барлау экспедициясы» ҰОС 70 жыл - дығына орай Құрмет грамотасымен (1987 ж.); «Уральскнефтегазгеология мұнайгаз барлау экспедициясы» геологтар күніне орай Құрмет грамотасымен (1989 ж.); «ҚазМұнайГаз» БӨ »АҚ құрмет грамотасымен (2017 ж.); ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ – 95 жыл» мерейтойлық медалімен (2017 ж.); «Қазақстан мұнай - ына 120 жыл» Мерейтойлық медалімен (2019 ж.); «Қазақстан Республикасының жер қойнауын құрметті барлаушы» төсбелгісімен (2019 ж.) марапатталған.
Алматы халық шаруашылығы институтын (1991 ж.) «Экономист» мамандығы бойынша, Атырау мұнай және газ институтын (2004 ж.) «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын Мақат желілік-өндірістік басқармасында технологиялық компрессор машинисті болып бастады (1983 ж.). Мақат аудандық атқару комитетінде жоспарлау – экономикалық комиссиясының маманы, аға экономисті болып жұмыс жасады.
1992– 1995 жылдары «Мақсат» шағын кәсіпорнының төрағасы қызметін атқарды. Әр жылдары Мақат, Жылыой аудандарының әкімі, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Атырау қаласының әкімі, «Аджип» ККО компаниясының жергілікті органдармен байланыс жөніндегі менеджері, Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2018 жылдың шілде айында «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» Мерейтойлық медалімен (2001 ж.); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» Мерейтойлық медалімен (2005 ж.); «Құрмет» орденімен (2005 ж.); «Астананың 10 жылдығы» Мерейтойлық медалімен (2008 ж.); «Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл» Мерейтойлық медалімен; «Қазақстан мұнайына 120 жыл» Мерейтойлық медалімен (2019 ж.) мараптталған.
2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 2008 жылы «MANDARIN LTD» ЖШС, «Тұлпар» ЖШС, «Бастау – S» ЖШС заңгер болып бастады.
2013–2017 жылдары – заң кеңесшісі, 1-санаттағы заң кеңесшісі, «Қазгермұнай» БК» ЖШС жетекші заң кеңесшісі.
2017–2019 жылдары – «Қазгермұнай» БК» ЖШС заң департаментінің құқықтық қамтамасыз ету қызметінің басшысы.
2019 жылдың қарашасынан – «Ембімұнайгаз» АҚ заң департаментінің директоры.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС 20 жылдығының құрметіне мерейтойлық медалімен; «Қазгермұнай» БК» ЖШС құрмет грамотасымен; Қазақстандық мұнайдың 120 жылдығының құрметіне «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ құрмет грамотасымен (2019 ж.) марапатталған.