Экономикалық ортаға шолу

Компанияның қаржылық ахуалына әсер ететін негізгі макроэкономикалық факторлар қатарына: мұнай бағаларының динамикасы, инфляция қарқыны, валюталық бағамдардың, атап айтқанда, теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамының ауытқулары жатады.

Негізгі макроэкономикалық индикаторлардың серпіні

АТАУЫ

2017

2018

2019

2020

Brent (DTD) орташа бағамы

54,19

71,31

64,21

41,85

Инфляция деңгейі – Қазақстан (%)

7,10 %

5,00 %

5,75 %

7,5 %

Орташа айырбастау бағамы (1 АҚШ доллары үшін теңге)

326

344,71

382,87

412,95

Қазақстанда мұнай өндіру, млн тонна
2015
79,5
2016
78
2017
86,2
2018
90,36
2019
90,5
2020
85,7

2020 жылы коронавирус пандемиясының және көптеген әлем мемлекеттеріндегі қатаң карантиндік шектеу шараларының салдарынан мұнай мен мұнай өнімдерін тұтыну көлемінің азайғаны, және қорлардың жылдам жиналуы байқалды, дүниежүзілік мұнай қоймаларының шектен тыс толу қауіптері жоғарылады. Осыған байланысты 2020 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мұнай өндіру бойынша шектеу шараларын енгізді. Бұл ЕМГ жұмысына тікелей әсер тигізді. ОПЕК+ мемлекеттері мұнай өндіруді шектеу бойынша сол сияқты шараларды қабылдады. ОПЕК+ келісімінің қатысушы-мемлекеттерінің іс-әрекеттері 2020 жылы осынау ауыр макроэкономикалық жағдайларда дүниежүзілік мұнай нарықтарында бағаларды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша 2020 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады, бұл 2019 жылғы 90,5 млн тонналық рекордтық мәндерден 4,8 % төмен. Бұл ретте нақты өндіру мәндері пандемия басталған кезеңде қайта қаралған жоспарлы (101 %) мәндерге сай келеді. Бір жылдың ішінде 68,5 млн тонна мұнай экспортталды. Бұл жоспарды көрсеткіштің 101,8 %-ын құрайды.

2020 жылдың қорытындылары бойынша 55,2 млрд м³ газ өндірілді. Газды ішкі пайдалану көлемі 17,2 млрд м³ құрады. Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 3,2 млн тоннаны құрайды. Экспортталатын газ көлемі 10,7 млрд м³ болып табылады.

ОПЕК+ келісімінің қатысушы мемлекеттері мұнай нарығының ағымдағы күйін шолу және шектеулердің одан кейінгі деңгейін түзету үшін 2021 жылдың қаңтарынан бастап ай сайынғы министрлік отырыстарды өткізіп тұру туралы келісті. Қазақстан және Ресей үшін 2021 жылы өндіруді кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін жекелеген шарттар келісілді.

Операциялық нәтижелер

Мұнай өндіру

Бастапқыда 2020 жылға арналған мұнай өндіру жоспары орташа тәуліктік мұнай өндіру көлемі тәулігіне 7 704 тонна бола тұра, 2 млн 820 мың тонна деңгейінде бекітілді.

Бұл ретте 2020 жылдың сәуірінде мұнай өндіру бойынша жоспарлы көрсеткіштер Прорва және Новобогат кен орындары топтарының газды кәдеге жарату бойынша проблемаларына байланысты 2 млн 692 мың тоннаға дейін төмендетілді.

2020 жылдың шілдесінде ҚР Үкіметінің барлау және өндіру бойынша операцияларды және көмірсуларды өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулерді енгізу туралы қаулысымен мұнай өндіру жоспары азаю жағына қарай 2 600 мың тоннаға түзетілді.

2020 жылдың ішінде нақты 2 600 633 тонна мұнай өндірілді. Мұнай өндіру жоспары 388 тоннаға асыра орындалды.

ЕМГ мұнай өндіру динамикасы, мың тонна
2013
2 841
2014
2 823
2015
2 823
2016
2 832
2017
2 840
2018
2 895
2019
2 900
2020
2 601
2021(n)
2 521

«Ембімұнайгаз» АҚ бойынша мұнай өндіру, мың тонна

МГӨБ

2016

2017

2018

2019

2020

2021

Нақты

Нақты

Нақты

Нақты

Жосп

Нақты

Ауыт

Жосп

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ

954.2

953.7

944.2

923.3

828.4

826.9

–1.5

825.5

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ

989.1

1034.9

1109.9

1120.4

951.4

949.2

–2.1

907.2

«Доссормұнайгаз» МГӨБ

404.3

371.5

366.5

365.8

339.0

339.0

0.0

332.5

«Қайнармұнайгаз» МГӨБ

484.4

479.9

474.8

490.2

481.5

485.5

4.0

455.3

«Ембімұнайгаз» АҚ

2 832.0

2 840.0

2 895.3

2 899.7

2 600.2

2 600.6

0.4

2 520.5

Ілеспе мұнай газын өндіру

Ілеспе мұнай газын өндіру «Ембімұнайгаз» АҚ 25 кен орнында жүзеге асырылады

Ілеспе мұнай газын өндіру, мың м3

Көрсеткіштер

2017

2018

2019

2020

2021

Нақты

Нақты

Нақты

Жосп

Нақты

Ауыт

Жосп

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ

24,858.2

30,035.0

37,594.7

25,909.7

25,743.5

–166.1

29,649.1

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ

146,834.4

163,878.6

194,465.0

158,530.6

159,655.0

1,124.4

120,530.6

«Доссормұнайгаз» МГӨБ

19,709.4

19,116.9

19,197.7

22,429.4

22,431.4

2.1

22,892.6

«Қайнармұнайгаз» МГӨБ

8,353.7

8,197.8

8,916.0

8,923.3

8,984.3

61.0

8,440.9

«Ембімұнайгаз» АҚ

199,755.6

221,228.4

260,173.4

215,792.9

216,814.2

1,021.3

181,513.3