COVID-19 пандемиясының қауіптерін еңсеру

2020 жылы Қазақстан бүкіл әлем секілді адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін вирус – COVID-19 пандемиясына тап болды. Былтырғы жылдың наурызында елімізде төтенше жағдай жарияланды. Барлық өңірлерде инфекцияның таралуын болдырмауға және ауру жұқтырғандарға білікті медициналық көмек көрсетуге бағытталған шаралар өткізілді. Пандемиямен күрес бір жылға созылды және 2021 жылы жалғасуы мүмкін деген болжам бар.

2020 жылдың наурызынан бастап ЕМГ басшылығы сыни өндірістік процестердің үздіксіздігін сақтай отырып, қызметкерлер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданды. Осы қызметтің аясында келесі шаралар қабылданды:

Өңірді қолдау

Пандемия басталғалы бері ЕМГ Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп өңір тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетуде.

Компания бөлген 500 млн теңге көлеміндегі қаражат COVID-19 пандемиясы басталғалы бері «Birgemiz-Atyrau» Қоғамдық қорына дәрілік препараттарды сатып алуға, Атырау облыстық ауруханасына медициналық құрал-жабдықтарды (ӨЖЖ арналған оттегі концентраттарын сатып алу, ота жасау блоктарын, жансақтау бөлімін, диализдік орталықтарды, провизорлық бөлімшелерді жабдықтау бойынша емдік газбен қамсыздандыру жүйесін жүргізу) сатып алуға, басқа да осы сияқты мақсаттарға, Жылыой аудандық аурухана үшін жеке қорғану құралдарын сатып алуға, Атырау қ. Береке шағын ауданындағы карантиндік стационарларды тұрмыстық техникамен және гигиеналық керек-жарақтармен қамтамасыз етуге жұмсалды.

Оған қосымша, Исатай, Мақат, Жылыой және Қызылқоға аудандарының әкімдіктеріне блок-посттарды ұйымдастыруға, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге және әлеуметтік осал халық топтарына көмек көрсетуге қолдау жасалды.

Ембіліктер еріктілер ретінде 1 млн теңгеден астам қаржы жинап, оны карантинге оқшауланған медицина және полиция қызметкерлеріне мекенжайлары бойынша көмек көрсетуге жұмсады.

Кадрлық саясат

Персоналдың шоғырландырылған саны
2015
5 236
2016
78
2017
5 275
2018
4 942
2019
4 928
2020
4 764
Персоналды басқару және дамыту тәсілдерінің аясында бизнес-модельдің тұрақтылығы мен сенімділігін ұзақ мерзімді перспективада арттыру үшін Компания өз стратегиялық мақсаттарымен өзара байланысты қамтамасыз етуге ұмтылады.

Кадрлық қызметтің басты мақсаты Компанияның қызметкерлерді сапалы оқыту және дамыту есебінен, ең соңғы үлгідегі тиімді құралдарды іздестіру және енгізу, атқарушылық тәртіпге жүргізілетін бақылауды күшейту және қызметкерлерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету есебінен стратегиялық мақсаттарына жетуге ынталандырылған, білікті персоналмен қамтамасыз ету болып табылады.

Персоналды басқару саласындағы жұмыс келесі негізгі бағыттарды қамтиды:

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Компания қызметкерлерінің нақты саны 4 764 адамды құрады. Дерлік барлық қызметкерлер мерзімсіз (белгісіз мерзімге жасалған) шарт бойынша жұмыс істейді және толық жұмысбасты болып табылады. 2020 жылы 5 адам ішінара жұмысбасты болды.

Соңғы жылдары Компания шығындарын оңтайландыру мақсатымен бейінсіз біліктілігі төмен еңбектің штаттық жұмыс орындарын аутсорсингке шығару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың салдарынан штат қысқартылды.

Бір жылдың ішінде 25 жаңа қызметкер жұмысқа алынды. 2020 жылдың ішінде персоналдың тұрақтамауы 3,3 %-ды құрады.

Ондаған жылдар бойы атқарған жұмысының ішінде Компанияда берік дәстүрлер және ұрпақтар сабақтастығымен қалыптасқан. Еңбек әулеттері «Ембімұнайгаз» АҚ тұрақты ұзақ мерзімді дамуының негізі болып табылады. Бүгінгі таңда Компанияда 20-дан астам отбасы әулетінің өкілдері еңбек етуде, онда үш және одан көп буыны өз өмірлерін мұнайшы деген қиын кәсіппен байланыстырды. Солардың кейбіреулерінің жалпы жұмыс өтілі 200 жылды асырады.

Компанияда еңбек өтілінің басым бөлігін мұнай саласының қиын қыстау жағдайларында жұмыс істеген және денсаулығында кінәраты бар қызметкерлер үшін мерзімінен бұрын 58 жастан зейнетке шығу бағдарламасы іске асырылып келеді.

2020 жылдың соңындағы персоналдың құрылымы, адам

КӨРСЕТКІШ

БАРЛЫҒЫ (АД.)

СОНЫҢ ІШІНДЕ ГЕНДЕРЛІК ТОПТАР БОЙЫНША

СОНЫҢ ІШІНДЕ ЖАСТЫҚ ТОПТАР БОЙЫНША

ЕРЛЕР

ӘЙЕЛДЕР

30 ЖАСҚА ДЕЙІН

30-50 ЖАС

50 ЖАСТАН ЖОҒАРЫ

Барлық персонал саны

4 764

3 927

837

304

2 858

1 602

Басқарма

5

4

1

1

4

Басшылар

317

262

55

2

189

126

Мамандар

1 129

771

358

80

765

284

Жұмысшылар

3 313

2 890

423

222

1 903

1 188

Персоналдың тұрақтамауы, %

3,3

2,8

0,5

0,2

0,6

2,5

2020 жылдың ішінде жалдап алынған қызметкерлер саны

25

23

2

11

10

4

2020 жылдың соңындағы персоналдың гендерлік құрылымы
2020 жылдың соңындағы персоналдың жастық топтар бойынша құрылымы
2020 жылдың соңындағы Басқарманың гендерлік құрылымы
2020 жылдың соңындағы Басқарманың жастық топтар бойынша құрылымы

Персоналды ынталандыру

Компания жұмыс нәтижелері үшін әділ сыйақы төлеу арқылы персоналды тиімді жұмыс істеуге ынталандыруға тырысады. Компания біліктілігі мен нәтижелілігі Компанияның өз миссиясын табысты орындауын және бизнес-мақсаттарға жетуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді тарту, ұстап қалу және ынталандыру мақсатымен қызметкерлерді атқарушылық тәртібін ынталандырудың және арттырудың тиімді жүйесін құру және үздіксіз дамыту бағытында көп жұмыс атқарады.

Ынталандыру және атқарушылық тәртіп саласында негізгі міндеттер болып келесілер табылады:

Қызметкерлерді марапаттау және көтермелеу

2020 жылдың наурызынан бастап біздің еліміз коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында өмір сүріп келеді. ЕМГ-да өз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Компанияның барлық объектілерінде инфекцияның таралуына қарсы күрес бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды. Барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерде енгізілген төтенше жағдай режимі және одан кейінгі карантиндік шектеулер жағдайларында басқару жөніндегі жұмыс органдарына айналған жедел штабтар құрылды.

Негізгі басқарушылық шешімдерді орталық штабтың қабылдайтынына қарамастан, ұйғарылған іс-шараларды басшылар мен бөлімшелердің қатардағы қызметкерлері жер-жерлерде іске асырады. Сондықтан 2020 жылы пандемияның бірінші толқыны кезінде көшбасшылық қасиеттерін және өздеріне сеніп тапсырылған жұмыс учаскесі үшін барынша жауапкершілік танытқан қызметкерлерді ерекше белгілеу туралы шешім қабылданды. «Жыл үздігі» номинациясы тағайындалды және жыл сайын Компаниямыздың ерекше еңбек еткен қызметкерлерін, сондай-ақ Ембі алдындағы шарттық міндеттемелерді ең жоғары деңгейде орындауды қамтамасыз еткен серіктестерді марапаттау туралы шешім қабылданды.

2020 жылдың ішінде атқарған еңбегі мен еңбек қызметі және COVID-19 пандемиясымен күреске қосқан үлесі үшін Компанияның келесі қызметкерлері марапатталды:

2020 жылы еңбек жетістіктері үшін 266 қызметкер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

ҚР Тәуелсіздік күніне орай мына қызметкерлер марапатталды:

Әлеуметтік саясат

«Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдарының бастамасы бойынша «Жай - ықмұнайгаз» және «Қайнармұнайгаз» мұнайгаз өндіру басқармаларында мұнайшылар Атырау облысы Исатай және Қызылқоға аудандарының әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті. 2020 жылы Ком - пания Атырау облысы әкімдігіне мүмкіндіктері шектеулі 7 мың балаға сыйлық алуға 70 млн теңге бөлді. Сонымен қатар, 274 медицина қызметкерлеріне, соның ішінде, төрт қаза болған дәрігердің отбасыларына материалдық көмекке 60 млн теңге бөлді. Ембіліктер қыз - меткерлер жинаған 1,1 млн теңге қаржыға ма - мандандырылған балалар үйінің, «Шаңырақ» облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің, Атырау балаларды оңалту орталығының, Психологиялық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған  Бөбек - жай-бақшасының, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ның балаларына жаңажылдық сыйлықтар алынып, таратылды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жыл - дығына орай ЕМГ басшылары компания зейнеткерлерін Әлеуметтік қолдау бағдарла - масының аясындағы төлемдерді: Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге – 200 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін, тыл еңбек - керлеріне – 30 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін, интернационалист-жауынгерлерге – 50 АЕК дейін көбейту туралы шешім қабылдады. Компанияда әрбір жауынгер-мұнайшы туралы естелік құнттап сақталады және арамызда жүрген ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және интернационалист-жауынгерлерге қамқорлық көрсетіледі. Ағымдағы сәтте ЕМГ әлеуметтік қолдауына екі ҰОС ардагері, 90 тыл еңбеккері, 15 жауынгер-интернационалист, Чернобыль/ Семей зардабын залалсыздандыруға қатысу шылар – 16 адам ие болып отыр. Мерекелік және мерейтойлық күндерге орай төлемдер - ден басқа Компания қамқорлыққа алған адамдарын сақтандырумен қамтамасыз етіп, емдеу және дәрілік препараттарды сатып алу шығындарын өтеп отыр.

2019 жылдан бастап Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылында 424 орындық орта мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаны жалпы қаржыландыру сомасы 256,25 млн теңгені құрады, оның ішінде 2020 жылы 129,8 млн тең - ге жұмсалды. Құрылыс 2021 жылы аяқталады деп болжанып отыр.